Ауыл сыртындағы ордан 31 жастағы ер адамның денесі табылды
Фото: novostivmire.com
Алматы облысында 31 жастағы ер адамды белгісіз қарудан атып, ауыл сыртындағы орға тастап кеткен күдікті ұсталды.
Бұл туралы Orda.kz Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
16 мамырда полиция бөліміне Іле ауданының Түймебаев ауылынан белгісіз біреулер қарудан оқ атып жатыр деген ақпарат түсті. Белгілі болғандай екі адам арасындағы жанжал, атысқа ұласқан.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары екі азаматты да анықтады. 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол өзінің адам өлтіргенін мойындады.
– Күдікті жәбірленушінің мәйітін жасырған орынды көрсетті. Жәбірленуші Алматының 31 жастағы тұрғыны. Ол марқұмның денесін ауыл сыртына апарып, орға тастап, топырақпен көме салған. Қылмыс жасалған қару әзірге табылған жоқ, - деп мәлімдеді полиция бөлімінің баспасөз қызметінде.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себебі анықталып жатыр. Күдікті азамат қамауда.
Қазір 31 жастағы ер адам тапанша арқылы атылған деген болжам бар, қарудың маркасы сараптамада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық