Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беріледі
18 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алуға өтініштер қабылданады
Бағдарламаны жүзеге асыруға «ҚазАгроҚаржы» 25 млрд бөлінеді. 2023 жылдың 18 қазанынан бастап «ҚазАгроҚаржы» Жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бағдарламаның мақсаты отандық өндірілген/жиналған өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттармен қаржылық лизингке беру.
«ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 25 млрд теңге бөліп отыр.
Өтінімдерді қабылдау үшін «@KazAgroFinance.bot» Telegram-ботында электронды кезек қалыптасады. Бұл ретте шаруалар Telegram-ботқа өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» филиалына құжаттардың толық пакетін тапсыруы тиіс. Құжаттар мен нысандардың тізімін жоғарыдағы сілтеме бойынша қарауға болады.
Жеңілдікті лизинг бағдарламасы туралы:
- мөлшерлеме – жылдық 6%;
- лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
- аванстық төлем – лизинг затының құнының 0%-нан;
- қамтамасыз ету - талап етілмейді;
- қаржыландыру лимиті – 205 млн теңгеден және лизинг затының 3 бірлігінен аспайды, бір лизинг алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен жиі берілмейді.
Егер лизинг объектілерінің жалпы құны бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасынан (аффилиирленген тұлғалар тобына) асып кетсе, соңғысы «ҚазАгроҚаржыға» аванстық төлем түрінде айырмашылықты төлеуге құқылы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық