12,7 млн гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланусыз жатыр
Көрнекі сурет. Фото: sud.ua
Былтырдан бері ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін тұрақты мониторинг жүргізу қолға алынған. Пайдаланусыз-қараусыз қалған ауыл шарушылығы жерлерін қайтару және оны басқа ынталы шаруаларға үлестіру жөніндегі ақпарат әзірге белгісіз.
Дүйсенбіде Орталық коммуникациялар алаңында Цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті және «Қазақстан Ғарыш Сапары» операторы басшылығы өткізген брифингте ғарыштық зерттеу қорытындысы сөз болды.
– Егістік алқабына жататын 22 млн га жер зерттелді. Оның 685 мың га аумағы мақсатқа сәйкеспейді, дұрыс қолданылмаған, ал 1 млн 90 мың га мүлдем пайдаланылмаған. Мал шарушылығына арналған 76 млн га жайылымның 46 млн га аумағы тексерілді. Ондағы 12,5 млн га жерде мал басы көптігі анықталып, жүктеменің жоғарылағаны байқалды. Жүйеде меженің 20%-ынан аз мал жайылатын, жүктемесі төмен 7,4 млн га жер бары тіркелген. 11,6 млн гектар мүлде қолданусыз қалған, - деді аэроғарыш комитеті төрағасы Баубек Оралмағамбетов.
Құқықтық нормаларға сай әр ірі қараға 6-7 га жер керек. Талап түлік түріне және климаттық аймақтарға байланысты әркелкі.
Жауапты ведомство мен оператор өкілдері мақсатына қарай қолданбаған жерлердің қайтарылуы туралы сауалға кейіннен толықтырып жауап беретінін мәлімдеді.
2019-2021 жылдары Қазақстан облыстарының 61 ауданындағы жайылымдық алқаптар мониторингтен өткізіліп, жалпы аумағы 188 млн га жердің 127,7 млн га аймағы зерделенген. Бақылау нәтижесінде жайылым мақсатындағы жерлердің жағдайы мен өнімділігі, шөп қабаты мен тозу деңгейі анықталған. Мал шарушылығына қолдануға жарайтын жаңа жерлерді анықтау мақсатында бұған дейін жүйеге енбеген 40 млн га шамасында жер зерттелген.
Комитет басшысының айтуынша, жылына ғарыштық мониторинг қызметіне 3,1 млрд теңге қаржы жұмсалады. Бас прокуратура, министрліктер мен жергілікті атқарушы биліктер жүгінеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық