Ауыл шаруашылығы министрлігі Министрлер үйіне көшуге ниетті
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елорданың оң жағалауынан Министрлер үйіне көшеді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Министрліктің тұрғылықты жерін ауыстыруға бюджеттен 3,5 млрд теңге жұмсалады.
Мұндай шешім министрліктің басқа да министрліктермен жақын болуы үшін қабылданып жатыр.
«Барлық министрліктер сол жағалауда Министрліктер үйінің ғимаратында орналасқан. Өкінішке қарай, бізде ол жаққа көшуге мүмкіндігіміз болмады. Біз тек қаражат іздедік, үкіметке рахмет. Біз министрліктер үйінің үшінші кіреберісіне көшетін боламыз. Әрине, бізге қаланың басқа ауданында алыстау жерде отыруға болар еді. Бірақ та бізге дәстүрлі түрде барлық министрліктер отырған жақын жерде жұмыс істеген жөн деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмысына да оңтайлы әсер етеді» деп түсіндірді Қарашөкеев.
Еске салсақ, биыл елді қуаңшылық жайлап, мал жаппай қырылды. Журналистер неге министрлік жағдайға қарамастан көшуге қомақты қаражат бөлінгенін сұрады.
«Негізінде, барлық қажетті рәсімдер орындалды. Менің қазір егжей-тегжейі есімде жоқ. Қосымша шешім қабылданғанда біз барлық ақпаратты береміз. Әрине, біз басқа ғимаратқа көшер едік, бірақ қалған ведомстволардың жанында отырғанымыз дұрыс» деп қайталады министр.
Ол журналистерді министрлік ғимаратының көшуге бөлген қаражаты басқа бағдарламаларға ешқандай әсер етпейтіндігіне сендірді.
«Бұл қаражат басқа бағдарламалар бойынша бағытталады және ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бағдарламаларына ықпал етпейді» деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Айта кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысының фермерлері Ербол Қарашөкеевтен отставкаға кетуін сұраған. Себебі, көктемде басталған құрғақшылық араға тоғыз ай салса да өз салдарын тигізіп келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық