Ауыл шаруашылығы министрі өзінің отставкаға кетуін талап еткен шаруаның үйіне келді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысындағы шалғайдағы шаруашылықтарды аралап, ірі қара, ұсақ мал және жылқы малдарын азықтандырудың жай-күйін көріп қайтты.
Ол желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда министрге қызметінен кетуді ұсынған фермердің үйіне де соғып шықты.
Шаруаның жылқы мен түйе өсіретіні, бірақ оның малдары есепке алынбағандығы белгілі болды. Егер оның малдары қырылып қалса, ол мемлекеттен өтемақы ала алмайды. Себебі, оның малдары қағаз бойынша жоқ, еш жерде тіркелмеген.
Бұл бір ғана шаруаның басындағы жағдай емес. Бұл аймақта көптеген шаруалар малдарын әлі есепке тұрғызбаған. Төтенше жағдай орын алса, олар мемлекеттен өтемақы ала алмай, құрдымға кетеді.
Осындай шаруалар субсидия талап етеді. Бірақ министрлік жоқ малға ақша бөле алмайды.
«Ербол Қарашөкеев министр болғалы біз үшінші рет шаруалар үшін «жасыл» дәліз ашып отырмыз: бұл олардың есепке алынбаған малдарын тегін тіркей алатынын білдіреді» деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Заң бойынша ірі қара мал туған кезден бастап екі айдың ішінде есепке алынуы тиіс. Кешіккендер айыппұл төлейді. Алайда, «жасыл» дәліз ашық болса, айыппұл төлеудің қажеті жоқ.
Қазіргі «жасыл» дәліз 2022 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін ашық.
Жедел деректерге сүйенсек, Қазақстанда бүгінде есепте жоқ 432 мың басқа жуық мал бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық