Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді
Фото: едим дома
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін министр қымбаттап жатқан ет бағасына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер деңгейінде ет бағасын бақылап отыр.
«Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз» деді Қарашөкеев.
Министр қазіргі таңда басқа мәселе өзекті екенін алға тартты.
«Мал өсірушілер етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымдануда. Кеше тыңдау өтті, депутаттар осы мәселені қозғады. Мал өсірушілер еттің сатылу бағасы тым төмен екеніне наразы. Сол үшін бізге жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз қажет» деді ауыл шаруашылығы министрі.
Қарашөкеевтің айтуынша, қазір Қазақстан өзін етпен толығымен қамтамасыз етіп отыр.
«Баға деген үнемі өседі, бірақ қатты өсім жоқ» деді ауыл шаруашылығы министрі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық