Ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр
Жиында ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы бастамалары және тұрақты даму мақсаттарын орындау бойынша жетістіктері талқыланды. Нәзік жандылар мұндай басқосулардан шабыт алып, тәжірибе алмасуға таптырмас амал екенін айтып отыр.
«Мен бүгін біз үшінші рет өткізіліп жатқан ауыл әйелдерінің біріктіруші және ынталандырушы алаңына айналған үшінші республикалық форумды ашып отырғаныма өте қуаныштымын. Жыл сайын қатарымыз жаңа есімдермен толықтырылып жатыр. Өкінішке орай, аналарымыздың жұмысын көріп, қолдап қайту үшін біз биыл ауылдарға бара алмадық. Көріп отырғаныңыздай, қашықтық бізге кедергі емес, онлайн режимде де кездесіп отырмыз. Әрқайсыңыз өз ауылының қамын жеген өз өңіріңіздің көрнекті өкілісіз. Президент өзінің Жолдауында айтқандай, бәсекеге қабілетті экономика ауыл шаруашылығын дамытпай құрылмайды», - деді Майра Айсин.
Мәжіліс депутатының айтуынша Қазақстан халқының жартысы ауылда тұрады. Ал оның 4 миллионы әйелдер.
«Форум жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз. Бұл әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсартады. Сүттің 70% және көкөністердің 90% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Президенттің жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін шешуші түрде пайдалану қажеттілігіне назар аударуы бекер емес. Елімізде әйелдер ауылдың дамуы үшін орасан зор еңбегін сіңіруде», - деді ол.
Форум барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтті.
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумына қатысушыларды құттықтап, ерлермен қатар елеулі еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың жұмысына сәттілік тіледі.
Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгін де әйелдер өздерінің ашқан кәсіпорындарының арқасында бірегей өндірісті іске қосып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар өскелең ұрпақты тәрбиелеп, отбасы құндылықтарын сақтаудың маңызды рөл екендігін ескеріп, нәзікжандыларға алғысын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық