Ауыл әкімі үйге терезеден кіріп, әйелге қол жүгірткен
Фото: Видеодан алынған кадр
Жетісу облысына қарасты Ақсу округінде ауыл әкімі тұрғынның үйіне баса-көктеп кірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауыл әкімі әйелдің үйіне түн ішінде терезеден кіріп, оның денесіне қол жүгірткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде келіншектің өзі айтты.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түнгі екілер шамасында болған. Дәл сол түні әйелдің жанында екі және бес жастағы ұлдары ұйықтап жатқан. Ал күйеуі Текеліге кеткен.
“Денеме қол жүгіртті. Сол кезде миыма сақ ете қалды күйеуіммен сөйлескенім, оның Текеліде екені. Қарап едім дәу біреу пыс-пыс етіп, арақ иісі мүңкіп отыр. Шошып кеттім. Жүгіріп бардым да жарықты жақтым. Қарап едім әкім жүгіріп шықты. Есікті аша алмай тұрды,” – дейді Ақсу тұрғыны.
Ақсу тұрғыны болған оқиғаны құзырлы органдарға баяндап, сотта сөйлеген. Бірақ процестің әділ өтетініне күмән келтіреді. Сондықтан әлеуметтік желіге шыққанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық