«Ауруын емдеу үшін»: есепші 26,5 млн қаражат жымқырған
Фото: freepik.com
2020 жылдан 2024 жыл аралығында «Балқаш аудандық жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бас маманы – есепшісі мемлекет қаражатын негізсіз жымқырып келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол ай сайын өзінің және әріптестерінің жеке есеп шоттарына бекітілген мөлшерден артық жалақы аударып отырған. Сондай-ақ тиісті бұйрықсыз ақшалай сыйақы, материалдық көмек, біржолғы әлеуметтік төлемдер және іс-сапар шығындары үшін өтемақы алған.
Сотталушы әріптестеріне артық аударылған ақшаны «қате аударылған» деп сендіріп, оны өзінің жеке шотына аударуды сұраған. Осылайша ол қаражатты өз ауруын емдеу үшін пайдаланған.
Сотталушы мемлекетке 26,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірді. Балқаш аудандық сотының үкімімен Т.-ға ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2)-тармақшасы бойынша есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық