«Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: time.kz
Ақтөбе облысында еңбек демалысында жүрген ауыл әкімі суицид жасауға оқталды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталинге қатысты ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушысы Марлен Баймағамбетов өз парақшасында:
«Бестамақ ауылында 2025 жылдың маусым, шілде айында ауыл әкімі Қанат Даулеталинге қандай болса да, пышақтау, болмаса травматикалық қарудан жарақат алу фактілері болды ма? 05.07.2025 жылы Алға орталық ауруханаға Бестамақ округі әкімі Даулеталин келіп түсті ме? Қандай жағдайда түсті? Қашан жансақтау бөлімінен палатаға ауысты? Сол Даулеталин өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша, іс тіркелді ме?», — деген жазба қалдырды.
Orda.kz тілшісі ақпаратты аудан әкімдігіне хабарласып, анықтады.
«Қазір қалай болғанын айту қиын. Тергеу кезінде анықталады. Ол 2016 жылдан бері Бестамақ ауылдық округінің әкімі. Өзі сол ауылдың баласы. 30 маусым мен 22 шілде аралығында еңбек демалысында болған. Келіншегі қасында, үш баласы бар», — деді Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншіәлиев.
Дәрігерлер ауыл әкімінің жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Мемлекеттік қызметкер өзінің диагнозын жариялауға тыйым салған.
«7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына 47 жастағы ер адам түсті. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада ем қабылдап жатыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 95-бабына сәйкес диагноз дәрігерлік құпия санадады. Келісімсіз жариялауға тыйым салынады. Науқас келісім бермеді», — деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Ақтөбе облысының полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық тергеп-тексеру шеңберінде басқа мәліметтер жария етілмейді», — деді Ақтөбе облысының ПД.
Даулеталин Қанат Сағынғалиұлы — 1978 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылдық округіне қарасты Бесқоспа ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығын бойынша бітірген. 2023 жылы Қазақ-орыс Халықаралық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің мұғалімі болып бастады. 2001 жылы Алға аудандық білім бөлімінде істеп, 2005 жылы В.И.Пацаев атындағы Алға орта мектбінің әдіскері болды. Ал 2006 жылы Бесқоспа орта мектебінің директоры, 2009 жылы Бестамақ орта мектебінің директоры, 2016 жылы Бестамақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық