Ауруханада жарты жыл қараусыз қалған сәби әкесіне қайтарылды
Фото: Instagram
Алматыдағы ауруханалардың бірінде жарты жыл қараусыз қалған екі жасар Тәңірберген әкесіне қайтарылды. Баланың әкесі Мейірбек Тілепбаев сот арқылы өзінің әкелік құқығын дәлелдеп, сәбиді ауруханадан алып кетті.
Бұл туралы екі жасар баланың оқиғасын Қазақстанға жариялаған куәгер Айдана Аллажарқызы айтты.
«Бүгін Тәңірберген үйіне қайтарылды. Енді оның жанында ата-әжесі мен аға-әпкелері болады. Ол үшін қуаныштымын.
Өмірде бәрі қателеседі. Әркез не жасалса да, жақсылықпен бітсін. Бала тоқ, аман-сау және киімі бүтін. Туыстары да жақсы адамдар және оны жақсы көреді» деп жазды Айдана.
Еске салсақ, ақпан айының басында екі жасар баланың оқиғасы желі кезіп кеткен. Араға біраз уақыт салып, баланың әкесі мен әжесі табылған. Әкесі не себепті бала қараусыз қалғанын түсіндіріп берді. Бірақ баланың құжаттары болмағандықтан, ол балалар үйіне орналастырылған.
Көпшілік бұл оқиғадан кейін баланың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Адамдар оған 800 мың теңге жинап берген. Бірақ баланың әкесі одан бас тартқан.
«Сондықтан ақшаны Тәңірбергеннің атына депозит ашып, салып қоямыз деп шештік» деп қорытындылады Айдана Аллажарқызы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық