«Ауру-сырқаудан тазартып беремін». Әжей 600 мыңды қолды етті
Фото: polisia.kz
Солтүстік Қазақстанда 67 жастағы кейуана алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп мәлімдеді полиция басқармасында.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Аудандық полицияға «алаяқтық» бойынша шағым түсті.
Зардап шегушінің айтуынша, ол облыс орталығындағы Булаево базарында жұмыс істейді. Күн сайын бір әжей келіп «аурудан тазартып беремін» деп, өз қызметін ұсынған. Зардап шеккен келіншек бастапқыда күмәнмен қарап, артынша үлкен кісінің сөзіне сеніп қалған.
Емші бастапқыда тауық жұмыртқасымен тазарту рәсімін жасаған. Кейін емші ақша мен алтынды өртеу керек дейді. Бірақ барлығын өзіне алып қалады.
Ол алданып, 20 мың теңгесі мен 600 мың теңгеге бағаланатын 2 алтын бұйымын қалай бергенін өзі білмей қалады. Артынша, есін жиған соң, емшіге хабарласса, ол тұтқаны көтермеген.
Алаяқтық жасады деген күдіктіні Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.
Анықталғандай, 67 жастағы әжей Ақмола облысы орталықтарының бірінде тұрады. Ол достарымен кездесуге бір күн қалғанда Булаево базарына барған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық