«Ауру, әрі ашулы»: Ресей Сыртқы істер министрлігі Путиннің денсаулығының нашарлауы туралы қауесеттерге жауап берді
Фото: nikvesti
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров француздық TF1 телеарнасына берген сұхбатында президент Владимир Путиннің денсаулығының нашарлауы туралы қауесетті жалған ақпарат деп атады.
Оның айтуынша, Ресей басшысы күн сайын жұртшылық алдына шығады. Оны экраннан тамашалауға болады, деп хабарлады Lenta.ru.
Лавров TF1 журналисінің Еуропада мемлекет басшысының «ауырып қалғаны, оның бастапқы жоспарының орындалмай қалғанына ашулы» деген ақпарат тарағандығы туралы сұрағына берді.
«Менің ойымша, есі дұрыс адам одан ешқандай ауру белгісін көрмейді. Мен барлығын мұндай қауесетті таратқандардың ар-ожданына қалдырамын. Адамдар күнделікті кімнің қандай жағдайда екенін көре алады» деді Сергей Лавров.
Мамыр айының басында Лавров Батыстағы Путиннің денсаулығына күмәнданатындарға президенттің шетелдік қонақтарымен, атап айтқанда мемлекет басшысы кездескен әлемдік көшбасшылармен, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен байланысуға кеңес берді.
Наурызда Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесінің жағдайы бұрынғыдан да жақсы екенін айтты. Оның сөзінше, Путиннің денсаулығына қатысты деген болжамды мәліметтердің барлығы Батыс елдері мемлекет басшысының сеніміне нұқсан келтіру үшін таратқан қауесет.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин пандемия кезеңінде ешқашан коронавирус жұқтырмағанын және уақтылы қайта вакцинацияланып жатқанын айтты.
Еске салсақ, 24 ақпанда Путин Украинада арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын. Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай енгізіліп жатқанын айтты. Кейін ол Украинаның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық