Ауру баланы зорлаған 5 баланың әкесі 22 жылға сотталды
Фото: esp.md веб-сайтындағы иллюстрациялық фотосурет
Ақтауда эпилепсиямен ауыратын 13 жасар қызға оральды зорлық көрсеткен 5 баланың әкесі 22 жылға сотталды.
Бұл туралы «НеМолчиKz» қоры хабарлады.
«Осы іс үшін аяғына дейін күрескен қыздың отбасына және қыздың апайына алғыс айтамыз. Айыптының адвокаты мен қорғаушылар тарапынан көрген қысымға қарамастан бұл жағдайға олар төзімді болды», — деді «НеМолчиKz» қорының басшысы Дина Смайылова.
Бұл сот ісі жәбірленуші тарапқа оңай болмады. Мысалы, тергеу жүргізіліп жатқан кезде эпилепсиямен ауыратын қыздың ұстамасы ұстап қалып, жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Сондай-ақ, тергеу кезінде қыздың анасы да ауруханаға түсті.
«Қорлық көрген қыз үшін күресті оның нағашы апайы жүргізді. Ол бізге үнемі хабарласып, болып жатқан жағдаймен таныстырып отырды. Қыздың ар-намысы үшін адвокаттардың бар қарсылығына төтеп берді», — деді «НеМолчиKz» қорының басшысы Дина Смайылова.
Еске сала кетейік, бұл туралы Orda.kz салған ақпаратта қыздың туыстары айыптыға әділ жаза берілмей, құтылып кетеді деп қауіптенгенін айтқан болатынбыз. 13 жасар қыз мүгедек, эпилепсия ауруы үшін невропатологта есепте тұрады. Зорлық көрсеткен ер адам 5 баланың әкесі. Ол жәбірленушіні оральды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі. Биоматериалдар жиналып, тергеу шаралары жүргізіліп, оның кінәсі толық дәлелденді.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған