Әуежайда қызды кепілге алған ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: Видеодан кадр
Алматыдағы әуежайда шу шығарған 67 жастағы ер адамға қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының рейс алдындағы тексеру аймағына жолаушы атын жамылып кірген ер адам әуежай қызметкерін кепілге алды. Пышақпен қаруланған қылмыскерді 52 жастағы Мұса Әбдірайым залалсыздандырған болатын. Алматы әуежайында шу шығарған қылмыскер 67 жастағы Машрапбек Баратов екен.
Алматы қалалық полиция департаменті әуежай қызметкеріне шабуылдаған ер адам былтыр автобуста әйелге тап берген адам екенін растады. 2024 жылы желтоқсанда оның бостандығы бір жылға шектеліп, үй қамаққа алынған. Полицияның мәліметінше, зейнет жасына шығуы ер адамды жазадан құтқармайтын көрінеді. Себебі қоғамдық ортада бұған дейін де тәртіп бұзған.
Енді пробациялық бақылауды бұзғаны анықталса, ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал кепілге алынған қыздың денесіне қандай да бір зақым келген болса, жаза тіптен ауырлай түспек.
Бұған дейін әуежайдың баспасөз қызметі зардап шеккен әуежай қызметкеріне Алматы халықаралық әуежайының психологы қызметін ұсынғанын және барлық қажетті көмек көрсетеліп жатқанын хабарлаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық