«Әуежайда қараусыз қалған бала»: FlyArystan жанжалдың ортасында қалды
Фото: Әуе компаниясының баспасөз қызметінен
FlyArystan әуе компаниясы Астана әуежайында кәмелетке толмаған 12 жасар жолаушыны жалғыз қалдырып ұшып кеткені үшін жауапқа тартылды.
Бұл туралы Orda.kz. деп хабарлайды.
Қыздардың анасы Жазира Мусина өзінің instagram парақшасында осы оқиғаны жариялады. Ол АҚШ-тан ұшып келген бір топ баланың ішінде егіз қыздары Зере мен Зәуре Ғалиевалар болғанын айтты. Астанаға келген соң, 2024 жылдың 20 шілдесінде Оралға ұшаққа отырмақ болады. Ұшаққа тіркелу кезінде FlyArystan қызметкерлері егіз қыздардың біреуін ғана тіркейді. Ал Зерені отырғызу талонынсыз қалдырады. Қызметкерлер мәселені шешуге уәде бергенімен, ақыры 12 жасар Зауре әуежайда қараусыз қалып, ұшақ Оралға ұшып кетеді.
«Қызым жалғыз өзі басқа қалада, бейтаныс әуежайда әуе компаниясы қызметкерлерінің кесірінен жалғыз қалды. Ол үлкен шарасыздық пен қорқынышты бастан кешірді» деп жазды Жазира Мусина.
Әуе компаниясы оқиғаға қатысты кінәсін мойындап, анасы мен қызынан ресми түрде кешірім сұрады.
«Оқиға болған күні Зере Ғалиева әпкесі Зәуре Ғалиева екеуі олармен бірге келе жатқан жауапты жолаушымен ұшуға 50 минут қалғанда кассаға жақындады. Жолаушылар онлайн тіркелмегендіктен, отырғызу талондарын кассадан алуды жоспарлады. Алайда, әуе кемесі бұрынырақ кеңірек көлікке ауыстырылғандықтан, әуе компаниясы Зере Ғалиеваға ұшақ бортынан орын тауып бере алмады. Әуе компаниясы агенттері жолаушылардан орындарын Зереге беруді сұрап, өтемақы ұсынды. Өкінішке қарай, жолаушылар арасында өз еркімен қызға орнын беретін адам болған жоқ», — деп түсіндірді әуе компаниясы.
FlyArystan қолайсыздықтың орнын толтырып, Зере Ғалиеваны қонақ үйге орналастыруды ұсынады. Әуе компаниясының айтуынша, бұл ұсынысынан қыздың анасы бас тартқан. Сонымен қатар әуе компаниясы Жазира Мусина мен қызы Зереден кешірім сұрады.
«Біз бұл жағдайға қатысты кінәмізді мойындаймыз және болған оқиғаға қатты өкінеміз. Бұл оқиға біздің қызмет көрсету стандарттарымызға мүлдем сәйкес келмейтініне сендіргіміз келеді. Біз шын жүректен кешірім сұраймыз және Мусина ханым мен оның отбасына келтірілген моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді ұсынамыз» делінген компания хабарламасында.
Жасөспірімді жалғыз әуежайда қалдырып кеткен Әуе компаниясы жанжалдың ортасында қалған соң іске көлік министірлігі араласты.
«Жолаушылар құқығы әрқашан сақталуы керек. Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп FlyArystan әуе компаниясына мұқият және жан-жақты тексеру жүргізеді» деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, министрлік кінәлілердің міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.
Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмай, Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіккенде жолаушыға тиісті қызметтің көрсетілмегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 567-бабтың 2-бөлігі бойынша FlyArystan әуе компаниясына қарсы іс қозғалды. Нәтижесінде әуе компаниясына 1 000 АЕК, яғни 3 692 000 теңге айыппұл салынды.
Білім министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті әуежайда жалғыз қалған Зеренің анасымен хабарласып, қызға қажетті психологиялық көмек көрсетуді ұсынды.
«Балаларға қатысты мұндай жағдайларға жол берілмейді. Бұл жағдай балалар құқығының бұзылуының анық көрінісі. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты баршаның басты мақсаты болуы керек. Әуе компаниясының бірінші міндеті рейске тіркелген балаларға қамқорлық жасау» деп мәлімдеді білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды