Әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым өзін жәбірленуші деп танудан бас тартты
Фото: Orda.kz
Түрксіб аудандық сотында Алматы әуежайында кепілге алу ісіне қатысты сот тыңдауы жалғасуда.
Қылмыскерді залалсыздандырған Мұса Әбдірайым сотқа жүгініп, іс бойынша өзін жәбірленуші деп танымауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысы судья Дастан Әлмағамбетов әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайымның сотқа жазған өтініш хатынан басталды. Ол соттан өзінің іс бойынша жәбірленуші деп тануынан бас тартатынын жеткізген.
«Менің мүддемді қорғайтын адвокаттың өтінішін қарамауыңызды сұраймын, себебі мен жәбірленуші емеспін, ешқандай шағымым да, арызым да жоқ. Маған зиян тиген жоқ. Жәбірленуші болудан бас тартамын, мен қызды саналы түрде құтқардым. Бұл әрекетті жәбірленуші болу үшін емес, көмек беру үшін жасадым», – деп судья Мұса Әбдірайымның өтінішін оқып берді.
Өйткені бұған дейін Әбдірайымның адвокаты сотқа, тергеу толыққанды жүргізілмеді, ал оның қорғауындағы азамат жәбірленуші ретінде сұралмады деп өтініш берген.
Сот залынан тыс жерде Мұса Әбдірайым журналистерге оның қорғаушысы онымен ақылдаспай сотқа оны жәбірленуші деп танысын деген өтініш беріп қойғанын кейін білгенін айтты.
«Мен ешқандай да жәбірленуші емеспін. Қызды құтқарған кезде бар ниетім тек көмек көрсету болды. Ал мен қарулы азамттан ешқандай жарақат алмасам, зиян көрмесем мен неге жәбірленуші боламын. Куәгер ретінде барлығын айтып бердім. Ал менің адвокатым менен бұрын сотқа жәбірленуші деп берген өтініш жайлы мен кеш білдім. Екеуміз бір-бірімізді түсінбей қалдық, себебі оның қолында менің сенімхатым болған соң, менің атымнан берген екен. Қазір біз жәбірленуші қыз Ботагөзбен араласып тұрамыз. Хабарласып бір-біріміздің хәлімізді біліп тұрамыз», – деді Әбдірайым.
Айта кетейік, 67 жастағы зейнеткер Машрапбек Баратовқа қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылуда:
- Кепілге алу (ҚК 261-бап 2-бөлім 4-тармақ) – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
- Қару қолдану арқылы бұзақылық (ҚК 293-бап 3-бөлім) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
- Терроризм актісі туралы жалған хабар беру (ҚК 273-бап) – 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Алдыңғы сот отырысында айыпталушы әуежайдағы әрекеттерінің себебін түсіндіріп, ауыр материалдық жағдайына және Ауғанстанда әскери қызмет кезінде алған жарақаттарына шағымданған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық