Әуеде дүниеге келген сәби: Стамбұл — Ташкент рейсінде нәресте өмірге келді
Иллюстрация DALL·E жасанды интеллектінің көмегімен жасалды
Стамбұлдан Ташкентке ұшқан Uzbekistan Airways әуе рейсі кезінде ұшақ бортында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуе кемесінде екі дәрігер болып, олар экипаж мүшелерімен бірге жолаушы әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, босандырып алды.
Ұшақ Стамбұлдан Ташкентке бағыт алған кезде, жолаушылардың бірі мерзімінен бұрын толғата бастаған. Дәрігерлер мен бортсеріктер бірлесіп босандырып, ана мен жаңа туған нәрестеге қажетті көмек көрсетті.
«Экипаж командирінің шешімімен ұшақ шұғыл түрде Үргеніш әуежайына қонды. Онда анасы мен жаңа туған ұлын медицина қызметкерлері күтіп алды. Отбасы жергілікті клиникаға жедел жеткізілді», деп хабарлады Uzbekistan Airways баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, бұл — соңғы бір жарым жыл ішінде өзбек әуе тасымалдаушысының ұшағында тіркелген кем дегенде үшінші босану оқиғасы.
2024 жылғы қаңтарда Ташкент – Нью-Йорк рейсінде бортта босану тіркелген.
Ал 2024 жылғы сәуірде Ташкент – Стамбұл рейсінде тағы бір ұл бала дүниеге келген болатын.
2025 жылғы маусымда да ерекше жағдай тіркеліп, Алматыдан Лондонға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық