Әуе апатын зерттеу орынды жүргізіліп жатыр - Көлік вице-министрі
Фото: видеодан кадр
Әзірбайжаннан ұшып Ақтау маңына құлаған ұшақты зерттеу мейлінше орынды түрде өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев Kazinform-ға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз сөзінде вице-министр Халықаралық азаматтық авиация ұйымы да (ICAO) зерттеуге атсалысып жатқанын айтты.
«Әуе апатын зерттеуге ИКАО стандартымен басшылық етеді. Чикаго конвенцияларының 13-қосымшасына сәйкес барлығы қатаң түрде болады», – деді Ластаев.
Сондай-ақ Ластаев оқиға болған жерде Қазақстан өз бетінше зерттеу туралы шешім қабылдай алатынын да айтты.
«Тергеу барлық тараптардың пікірін ескере отырып, барынша объективті түрде жүргізіліп жатыр деп анық айтуға болады», – деді Ластаев.
Вице-министрдің айтуынша, тергеудің алдын-ала қорытындысы 30 күн ішінде жариялануы тиіс. Сонымен қатар, авиация әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына мұндай оқиғаларды болдырмау үшін түрлі ұсыныстар тастайды.
Айта кетейік, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATА) Ақтау маңында құлаған әзірбайжандық ұшақ туралы тәуелсіз және ашық тергеу жүргізу керектігін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық