Ауа райының қолайсыздығынан екі облыстағы жолда көлік қозғалысы шектелді
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық тас жолының Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысындағы учаскелерінде көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылғы 2 ақпанда сағат 15:30-да ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін келесі республикалық жолдарда қозғалысқа шектеу енгізіледі» деп жазылған хабарламада.
Абай облысының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін (971-1013 шақырым), ал Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданының шекарасынан Ұлан ауылына дейін (1013-1048 шақырым) көлік қозғалысы жабылды.
Сонымен қатар, сағат 16:00-ден бастап Абай ауданында да Өскемен – Семей тас жолының Семейден Шығыс Қазақстан шекарасына дейінгі бөлігінде (103-198 шақырым) көлік қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында - Өскемен-Семей автомобиль жолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскеде (10-103 шақырым), «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясы» автомобиль жолының Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейінгі учаскесінде (1125-1191 шақырым), «Алматы – Талдықорған-Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясы» тас жолының Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі (1194-1212 шақырым) учаске жабық.
Жолдың болжамды ашылу уақыты 3 ақпан күнгі сағат 6:00.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық