Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда бірнеше бағыт жабылды
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірнеше бағыт бойынша автомобиль жолдары жабылды.
ТЖД қызметкерлері жүргізушілерден алыс жолға шықпауды сұрайды.
Көлік қозғалысы тоқтаған аймақтар:
• Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау (Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасына дейін);
• Макинск – Ақсу – Торғай (0-240 шақырым, Макинсктен Торғай ауылына дейін);
• Нұр-Сұлтан – Қорғалжын (19-180 шақырым, Нұр-Сұлтан – Қорғалжын қорығы);
• Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Державинск);
• Нұр-Сұлтан – Петропавл (Шортандыға);
• Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті (Павлодар облысының шекарасына дейін).
Құтқарушылар жолдың барынша назар мен жауапкершілікті қажет ететінін еске салды. Бұл, әсіресе, төтенше жағдай кезінде жүргізуші жолда жалғыз қалу қаупі бар ауылдық жолдарға қатысты.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелген аймақтарда жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтап, полицияның талаптарына бағынуы керек» деп атап өтті ТЖД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық