Ауғанстаннан келген қандастарда коронавирус жоқ
Ауғанстаннан атамекеніне келген қандастарымыздың ешқайсынан коронавирус дерті анықталмады. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
— Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлық ПТР нәтижесі теріс, - дейді Сәдуақас Байғабылов.
9 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларды Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласына алып клді. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланған болатын. Артынша қандастарымыздың елге келген сәтінен видео жарияланды.
— Менің есімім Хасан, ұлтым қазақ. Ауғанстаннан келдім. Атамекенге келуімізге көмектескен Қазақстан президентіне, басқа қол ұшын берген адамдарға, журналистерге, Ауғанстандағы елшімізге рақмет айтамын, - дейді бейнежазбадағы ер адам.
Оның сөзінше, Қазақстанға анасы, екі інісі және қарындасымен келген. Ал әйелінің құжаты болмағандықтан Ауғанстанда қалып қойған.
— Біз Тахар қаласынан келдік. Комиссия шақырып, сұрақтар қойды. Руымызды, Қазақстанда туыстарымыз бар-жоғын сұрады. Ұлтым - қазақ, руым - қожа, - дейді қандас Хасан.

18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан елге өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялаған болатын. Одан бөлек, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық