Ауғанстаннан келген қандастар Ақмола облысына көшірілді
Бейневидеодан кадр
Ақмола облысына 35 адамнан тұратын 4 отбасы Ауғанстаннан эвакуацияланған этникалық қазақтар келді. Олар облыс аймақтарына бөлінген.
Бұл туралы Orda.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
10 адамнан тұратын Шір-Әлі Өзбек жанұясы Көкшетаудаға «Новопэк» кәсіпорнының жатақханасында тұрады. Басшылық Өзбек отбасының ересек мүшелеріне жұмыс ұсынды.
- Отандастарымызды, этникалық қазақтарды қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Біз екі жатақхана бөлмесін дайындап, толық жиһазбен қамтамасыз еттік. Барлық ас үй ыдыстары, киім-кешектері, тамақ өнімдері дайын. Бүгінгі таңда «Новопэк» компаниясы барлық отбасы мүшелерін тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге дайын, – деді «Новопэк» компаниясының жұмысшылар жөніндегі директоры Эльмира Эзями.
Қалған жанұялар Атбасар, Сандықтау және Бурабай аудандарында тұратын болады.
Барлық өңірлерде олар тұрғын үймен, жиһазбен, ыдыс-аяқпен, киіммен, жуу құралдарымен, жеке гигиена құралдарымен, төсек-орын жабдықтарымен, азық-түлікпен, қыста отын және көмір қорымен қамтамасыз етіледі. Білім беру желісі бойынша жалпыға міндетті оқу қоры арқылы мектеп формасымен, кеңсе тауарларымен, аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
Ережеге сәйкес, қандастарымыз қайтып келгенде, отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК қарастырылған. Олар «қандас» мәртебесін анықтаған кезде шамамен 204 мың теңге біржолғы төлем алады. Жыл ішінде ай сайын олар коммуналдық қызметтерді төлеу және тұрғын үйді жалға алу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін алатын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық