Ауғанстандағы жағдайға байланысты запастағы офицерлер әскерге шақырылуы мүмкін
Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскердегі тыныс-тіршіліктің өзекті мәселелері қаралды.
Бұл туралы Orda.kz қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты қарулы күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды.
Ең алдымен, бұл арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр. Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды.
– Туындайтын сын-қатерді ұдайы бағалап, қазіргі уақытта біз үшін анағұрлым маңызды және негізгі күш-жігерді қайда бағыттау керек екенін айқындау қажет, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Алдағы аптада взводтардың жауынгерлік оқ атуы, әскери міндеттілермен жиындар, батальондармен бақылау сабақтары жоспарланып отырған әскерлердегі жауынгерлік оқу-жаттығу барысы туралы баяндалды.
Запастағы, әсіресе тапшы мамандыққа ие офицерлерді әскери қызметке шақыру мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, армияның эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысуы запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери кафедраларда дайындалатын және офицер атағын алғаннан кейін армияда қызмет өткергісі келмейтін әскери дәрігерлердің қажет екенін көрсетті.

Заңнамаға офицер әскери атағын алған әскери кафедраны бітірушілерді міндетті түрде әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақыру бойынша түзетулер енгізу тапсырылды.
– Барлық студенттер мен жоғары оқу орындарының басшылары әскери кафедрада оқу – бұл ойын-сауық немесе запастағы офицердің әскери билетті алу тәсілі емес, ең алдымен – ел мүддесі үшін Қарулы Күштерде қызмет етуге дайын екендерін түсінуі тиіс! - деп атап өтті қорғаныс министрі.
Жалпы, қазіргі кезде қарулы күштердегі ғимараттарды салу және күрделі жөндеу саласындағы аутсорсингтің қолданыстағы жүйесі мерзімдерге, жұмыс сапасына және қорғаныс жағдайына теріс әсер ететін көптеген кемшіліктерді анықтайды.
Алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша жүйелі ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ казармалық-тұрғын үй қорының уақтылы берілуін қамтамасыз етуге нұсқаулар берілді.
– Объектілерді уақтылы тапсырмау себебі жосықсыз мердігерлер, сонымен қатар әскери нысандарды салуды ұйымдастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдамайтын лауазымды адамдар болып табылады, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық