Ауғанстандағы Мазари-Шариф қаласы да тәліптер қолына көшті
Бұл ел аумағындағы көлемі жағынан төртінші ірі қала, әрі Балх провинциясының орталығы. Тәліптер осылайша ел аумағының 90 пайызын өздеріне қаратты.
Бұл туралы Orda.kz Associated Press және Иран ақпарат құралдарына сілтей отырып хабарлайды.
Сөйтіп бүгінгі осы күнде Үкімет бақылауында ел астанасы Кабул мен шығыстағы Пәкістанмен шектесетін Нангархар провинциясының орталығы Жалалабад қана қалды.
Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев басқаратын дипломатиялық миссия Кабулдағы жұмысын жалғастырып жатыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақ елшілігінде шектеулі құрам қалған. Қызметкерлердің біраз бөлігі қауіпсіздік мақсатында дипмиссия ғимаратына бармай отыр.
– АҚШ президенті Байден әскерін алып кетемін деген сәттен бастап Талибан шабуылды бірден күшейтті. Ауғанстандағы соғыстың себеп-салдары өте күрделі. Адамның қаны судай төгіліп жатыр. Бұл қырғын 40 жылдан бері жалғасып келеді. Сыртқы алпауыт күштердің ауған жеріндегі тартысы азаматтық соғысқа ұласты. Ауғанстанның стратегиялық мүдделердің түйіскен жерінде, оның ішінде Орталық Азияда орналасқаны өзіне сор болып тұр. Менің ойымша, елдің тағдырын ауған халқы жан-жақты келіссөздер арқылы өз қолына алуы тиіс. Бұл – ішкі мәселе, -дейді сарапшы Рамиш Салеми.
Түркия Ауғанстаннан ағылған босқындар нөпірін тоқтату үшін Иранмен арадағы шекара күзетін күшейте бастады. Аймаққа осы мақсатта түрік елінің Қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. Түркияның Иранмен арадағы шекарасының жалпы ұзындығы 295 шақырым. Акар оның 64 шақырымына жыл аяғына дейін дуал тұрғызамыз деп мәлімдеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі жыл басынан бері Ауғанстаннан 400 мың тұрғынның басқа елдерге бас сауғалап қашқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық