Ауғанстанда Құндыз қаласы үшін шайқас жүріп жатыр
8 тамыз күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласында үкімет күштері мен тәліптер арасында жантүршігерлік шайқас жүріп жатыр.
Бұл туралы ресми өкілдер мен жергілікті тұрғындар хабарлады, деп жазады Orda.kz Азаттықа сілтей отырып.
Тәліптер 6 тамыздан бері екі уәлаят орталығын басып алды. Енді 375 мың тұрғыны бар Құндыз қаласын басып алса, олар үшін үлкен жетістіктің бірі болмақ. Қаладағы кейбір маңызды үкімет ғимараттары тәліптер қолына өтті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған жаңалықтардан білуге болады.
— Қаланың түрлі бөлігінде ауыр шайқас әлі жалғасып жатыр. Үкімет күшінің кей жасақтары әуежайға қарай шегінді, - дейді Құндыз уәлаяты кеңесінің мүшесі Амруддин Уәли.
Қала үшін шайқас 6 тамыз күні кешке басталып, содан бері кемі 11 адам мерт болып, 39 кісі жарақат алған. Бұл туралы уәлаят денсаулық басқармасы мәлім етті. Ресми хабарламалар шайқастың полиция штаб-пәтерінің маңында және қала орталығындағы негізгі жол айырығында күшейгенін айтады.
– «Талибан» қаланың бас алаңына жетті. Әуе күштері оларды бомбылап жатыр, - дейді жергілікті тұрғын деді Абдул Әзиз телефон арқылы.
Құндыз қаласының құлауы Кабул үкіметіне ауыр соққы болады. Үкімет күштері осыған дейін ауыл-аймақтардан шегініп, елдің бас қалаларын қорғауға бекінген болатын.
6 тамыз күні «Талибан» елдің оңтүстік-батысындағы Нимроз уәлаятының астанасы Зарандж қаласы мен солтүстіктегі Джаузджан уәлаятының астанасы Шеберганды басып алған.
Ауғанстанда жиырма жылдай болған Батыс әскерлері мамыр айында елден шығарыла бастады. «Талибан» сол кезден бастап шабуылын күшейте түсті. Елдімекендер бірінен соң бірі тәліптердің қолына өтіп, ауған үкіметінің болашағына алаңдаушылық күшейді. Шетел әскери күштері елден тамыздың соңына дейін толық кетуі тиіс. Ауған үкіметінің күштері тәліптерге қаншалық төтеп беретіні белгісіз. Бірақ тәліптердің жеңіп кетуі мүмкін деген күдік басым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық