Ауғанстанда 45 мың этникалық қазақ өмір сүреді
Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек Ауғанстандағы этникалық қазақтардың санын шамалады.
Бұл туралы Orda.kz «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.
— Нақты дерек жоқ. Бірақ 2018 жылғы ақпаратқа қарағанда 45 мың қазақ бар деп жазылған. Бейресми ақпараттарда. Кемінде 50 мың қазақ болу мүмкін, – деді ол.
Оның айтуынша, Ауғанстандағы көптеген қазақтар ана тілін білмеуі мүмкін. Оның үстіне, олардың төлқұжаттарында қай ұлтқа жататындығы көрсетілмеген. Бұл жағдайда оларға «қандас» мәртебесін беру мүмкін емес.
— Қазіргі таңда, мынандай қиын жағдайда қайсы қазақ, қайсы басқа ұлт екенін ажырату әрине қиын болып кетті. Алдыңғы жылдары заң жобасы талқылап жатқан кезде, қазақ ұлтын анықтайтын нормаларын енгізуді ұсыныстар бердім. Қайта-қайта ұсыныс бердім. Президент әкімшілігі мен мәжіліс жағынан мақұлдамады, – деді Мұқибек.
Сонымен қатар, Қазақстан СІМ хабарлағандай, қазір Ауғанстан аумағында біздің азаматтарымыз жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық