Ауғанстанда 30-дан астам адам жарақат алды

cover

Ауғанстанның Даман округінде мина қойылған көлік жарылды, деп хабарлады Хабар 24.

Салдарынан 30-дан астам адам жарақат алды. Жарылыс округтегі бас полиция бөлімінің жанында болған. 11 полиция қызметкерінен бөлек тағы 22 бейбіт тұрғын зардап шеккен. Tolo News хабарлауынша, жарақат алғандардың арасында жергілікті полиция бастығы Абдул Вадуд та бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар