Ауғанстан қорғаныс министрінің үйіне жасалған шабуылға кім жауапты?
Фото: REUTERS
Талибан содырлары Ауғанстан қорғаныс министрі Бисмиллах Хан Мохаммадидің үйіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
Бұл туралы Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлады.
2005 жылы 15 наурызда Жоғарғы Сот шешімімен Талибан қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.
Топтың өкілі Забиулла Муджахид Twitter-де жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы жаңа шабуылдар жоспарланғанын айтты.
– Бұл елдің түрлі аймақтарында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға тапсырыс беріп отырған Кабул әкімшілігінің негізгі тұлғалары мен басшыларына қарсы жауап берудің басталуын білдіреді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін елдің Ішкі істер министрлігі Кабулдағы шабуылдан кемінде 8 адам қаза тауып, 20 адам жараланғанын хабарлаған.
Шабуыл бүлікші топ бірнеше провинцияның астаналарын басып алып, Ауғанстан бойынша ілгерілеуін жалғастырып жатқан кезде болды.
Айта кетсек, 3 тамызда кешке Кабулдағы Мохаммади үйінің жанында миналанған көлік жарылды. Осыдан кейін төрт содыр көрші үйге басып кіріп, күзетшілермен соғысқа кірісті. Министрдің өзі және оның отбасы бұл кезде үйде болмаған. Оқиға орнына кейін Ауғанстан қауіпсіздік күштері жетті. Қақтығыс шамамен төрт сағатқа созылды.
Ауғанстанда ауылдық жерлердегі елеулі аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл бастаған үкімет әскері мен Талибан содырлары арасында қақтығыс бар. АҚШ әкімшілігінің 11 қыркүйекке дейін ауған жерінен әскерді шығаруды аяқтау туралы уәдесі аясында Ауғанстандағы тұрақсыздық күшейе түсті. 2020 жылы Вашингтон мен Талибан шенеуніктері Дохада 18 жылдан астам соғыстағы бірінші бейбіт келісімге қол қойды. Онда 14 айдан кейін шетелдік әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуы және тұтқындар алмасқаннан кейін ауғанаралық диалогтың басталуы қарастырылған.
Бұған дейін Талибандар Ауғанстанның Герат қаласындағы БҰҰ кеңсесіне шабуыл жасаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық