Ауғанстан халқына ашаршылық қаупі төніп тұр – БҰҰ
Ауғанстан халқының жартысынан астамы (22,8 миллион адам) қараша айынан бастап азық-түлік жетіспеушілігі мәселесіне тап болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы зерттеулерінде осы мәселе айтылған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды
– Азық-түлік қауіпсіздігінің жаңартылған классификациясына (IPC немесе ICF) сәйкес, Ауғанстанның әрбір екінші тұрғыны 2022 жылдың қарашасынан наурызына дейін қауіпті кезеңде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қоректік заттардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету үшін шұғыл гуманитарлық көмек қажет, - дейді ұйым.
Құрғақшылық, әскери қақтығыстар, COVID-19 пандемиясы мен экономикалық дағдарыстың жиынтығынан ауғандардың азық-түлікке қол жеткізуі мен өмір сүруі қиындаған.
Қыркүйек пен қазан айындағы мәлімет бойынша, 18,8 миллион ауған азаматтары азық-түлік қауіпсіздігінің қиындығына тап болған. IPC классификациясы бойынша бұл бес кезеңнің үшеуі – дағдарыс, төтенше және апатты кезеңдер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық