Атышулы өлім: Әйелін 18 жерден пышақтаған еркекке 10 млн айыппұл салынды
Фото Orda.kz
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына ер азамат марқұм әпкесінің өліміне айыпты қылмыскерден моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өндіріп беру туралы талап арызбен жүгінді.
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы бұрынғы әйелімен жанжалдасып, оны 18 жерден пышақтап өлтірді. Әйел осы жарақаттардан ауруханада көз жұмды.
Марқұмның ағасы сотта оның өлімі өзіне және оның барлық жақындарына қайғы әкелгенін айтты. Әжесі мен әкесі осы оқиғадан соң, қазаны көтере алмай қайтыс болыпты. Ол отбасына келтірілген моральдық шығынды 50 миллион теңгеге бағалады.
Сотта бұл талап мойындалмады. Әйелдің өліміне кінәлі айыпты қылмыс жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот талап арызды ішінара ғана қанағаттандырды. Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, моральдық зиянды өтеу ретінде талапкердің пайдасына 10 миллион теңге өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында адвокат Айман Асанова бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан болатын.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады