Атышулы «Бірақ» телешоуының басты кейіпкері ажырасуға бел буды
Фото: видеодан кадр
«Бірақ» бағдарламасында тиран күйеуімен жүздесіп, ауыр психологиялық соққы алған әйел ақыры ажырасуға арыз берді.
Бұл туралы әйелдің адвокаты өзінің instagram парақшасында жариялады.
Анна Рылдың айтуынша, онымен «Хабар» телеарнасы хабарласып, «Қорғау Астана» орталығынан пана тапқан әйелден сұхбат алуды ұсынды. Үйленгеніне 18 жылдан асқан әйелдің алты баласы бар. 18 жыл бойы күйеуі оны ұрып-соғып, ішімдік ішіп келді. Ер адам әйелінің қолын сындырғанда ол балаларымен Шымкенттен Астанаға қашып кеткен. Уақытша баспанада тұрып, жұмыс істеді.
Агрессор оны тауып алып, жанжал шығарды. Бірақ көршілер полиция шақырды. Ақыры әйел қолдау көрсету орталығына келді.
Әйелдің адвокаты рейтинг үшін жылдар бойы қол көтеріп келген күйеуімен жолықтырып, қайтадан қайғысын есіне түсіргені үшін телеарнаның бұл ісін құптамай отыр.
«Кешегі күн жақсы жаңалықпен аяқталды! Гүлмираны ажырасу рәсімінің аяқталуымен құттықтаймыз. Сонымен қатар наурыз айында біз алимент өндіру туралы талап арыз бердік, сот шешімі бойынша сома әр балаға небәрі 10 000 теңге болды. Алимент өндіру туралы шешім заңды күшіне әлдеқашан енді. Бірақ әлі күнге дейін алимент төленбеді. Соның өзінде біз тағы жағдайды еңсердік! Қандай жағдай болса да, уайымға салынбаңыз. Сізді қолдайтын адам қашанда табылады», — деді Анна Рыль.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық