«Атышулы алаяқ ұсталды»: Ресейден биыл жалпы 11 алаяқ әкелінді
Фото: Pexels
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін әкелді.
Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы бір банктің филиалында жұмыс істеп, банк клиенттері атынан оларға несие рәсімдеген. Кейіннен қылмыскер банк клиенттерінің есепшоттарына қолы жетіп, несие қаражатын таныстарының есепшоттарына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 миллион теңге көлемінде залал келтірілді
Қылмыс жасағаннан кейін ол ізін суытып, жасырынды. Сол себепті халықаралық іздеу жарияланды.
Осы жылдың сәуір айында күдікті Краснодар өлкесінде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Қазақстанға жөнелтілді.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыс үшін мүлкін тәркілеу арқылы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бас прокуратураның хабарлауынша, биыл Ресейден Қазақстанға алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 11 адам әкелінді. Олар азаматтарды салдарынан 350-ден астам жәбірленушіге шамамен 7 миллиард теңге шығынға ұшыратқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық