Атыраулықтар Шавкат Рахмоновқа қасқыр терісі мен басынан жасалған тақ сыйлады

cover

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов жерлес жанкүйерлерінен әлі де сыйлықтар алып жатыр.

Атырауда файтерге қасқырдың басынан жасалып, терісімен қапталған тақ сыйға тартылды.

Желіде сыйлық табысталып жатқан сәттің видеосы пайда болды. Жиналғандар бұл тосын сыйды дүркіретіп шапалақ соғып қолдады, ал спортшының өзі мақтанышпен ұстап көрді.

Рахмонов Instagram парақшасында қазақ шапанымен отырған суретімен де бөлісті.

Боксшының жанкүйерлері тосынсыйды оның болашақ қарсыласы, өзін қасқыр деп атайтын Хамзат Чимаевпен байланыстырды.

— Біреулер қасқыр дейді… Қасқырлар бізден төмен! – деп жазып, суретке қол қойды спортшы.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновқа жылқы сыйға тартылған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар