Атыраудағы KPI зауытынан полипропилен тиеген алғашқы пойыз экспортқа шықты
Атыраудағы газ-химиялық кешен
18 қарашада Атыраудағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС (KPI) зауыты полипропилен тиелген 62 контейнерден тұратын, көлемі 1500 тонна болатын бірінші пойызды экспортқа жөнелтті.
Бұл ретте зауыт отандық өңдеушілер – «РГК-Каспий» ЖШС, «Универсал» ЖШС, «АЛФА ПЛАСТ» ЖШС өнімдерін жөнелте бастады. Зауыт басшылығы Қазақстанның ішкі нарығын полипропиленмен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Қараша айының соңына дейін ішкі және сыртқы нарыққа көлемі 9 мың тоннадан асатын тағы алты контейнерлік пойызды жөнелту жоспарлануда. Қазақстандық зауыт өнімінің сапасын кәсіпорын аумағында зертханасы жұмыс істеп тұрған швейцариялық SGS компаниясы растайды.
Еске салайық, KPI зауыты 8 қарашада жұмысын бастады және ол газ-химия кешенінің алғашқы жобасы. Зауытта «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ өз үлесіне ие. Жұмысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары барысында бастап берді. Кәсіпорынның жылына 500 мың тонна толық қуаттылығы жобаны әлемдегі ең ірі полипропилен өндірушілерімен қатар қояды.

Полипропилен машина жасауда, медицинада және электротехникада негізгі шикізаттардың бірі. Ол сондай-ақ орау материалдарын, ыдыстарды, талшықтарды, құбырларды, оргтехниканы, бақша және кеңсе жиһаздарын өндіруде, сондай-ақ құрылыс, тоқыма және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық