Атырауда сарбаз мерт болды
Атырау облысындағы 20/16 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп жүрген ақтаулық сарбаз Нұрбек Ерғалиевтың денесі жақындарына берілді.
Іnbusiness.kz басылымының хабарлауынша, 2003 жылы туған сарбаздың денесін әскерилер кеше ата-анасына табыстаған. Марқұм әскери борышын аяқтауға бір ай ғана қалған кезде мерт болған.
Оқиға әскери бөлімнен 80 шақырым жерде тіркелген. 5 сарбаз әскери тапсырманы орындауға аттанған. Оның ішінде Нұрбек Ерғалиев та болған. Жолда олардың көліктері бұзылып, марқұм Нұрбек пен оның командирі көмек шақыртуға жолға шығып кеткен.
«Жолда Нұрбек қатты әлсіреп, көз жұмады. Ал, командирі жолға дейін жетіп, көмек күтіп жатқан. Көлікте 7 литр су бар екен. Барлығы бірге неге көлікте көмек күтпеді? Бір түсінбейтін жайт, 15 тамызда біздің бала сарбаздардың whatsapp чатынан шығып кеткен. Әскери бөлімге кешіккен соң көмекті күндіз сағат 12-де жібердік, марқұмның денесі кешке, сағат 18 шамасында табылды деп түсіндірді бізге. Көмек неге кеш көрсетілді?» дейді марқұмның туыстары.
Нұрбек Ерғалиевтың жақындары оның өліміне әскерилер кінәлі екеніне сенімді. Олар сараптама жүргізу керектігін алға тартып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық