Атырауда ер адам немере інісін зорлады деген күдікке ілінді
Атырауда ер адам немере інісін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды белсенді Дина Таңсәрі.
- Күйеуінің ағасы жеті жасар балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады. Ол келінінің бірінші некесінен туған ұл бала. Мәліметтер таң қалдырады, бізге баланың көкесінің оған не істегені көрсетілген бейнежазба жіберді, - деп жазады Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде.
Баланың анасының айтуынша, ол жүкті кезінде де таяқ жеген.
- Қорқытуға шыдай алмай, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген, алайда дәрігерлер оны аман алып қалған. Бірақ ол ауруханадан шыққанда тағы да соққыға жығылған. Баласы анасы үшін қорқып, болған оқиғаны айтпаған. Бірақ әйелдің өзі бірдеңеге күдіктене бастаған. Нәтижесінде олар қорлықтан қашып, полицияға арыз жазды, - дейді белсенді.
Сондай-ақ, полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Білім министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті балаға психологиялық көмек көрсетілетініне уәде берді.
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне тиісті хаттар жіберілді» деп толықтырды комитет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық