Атырауда діни мерекені мектепте тойлаған директор сөгіс алды
Атыраудағы №8 қалалық мектептің оқушылары мен мұғалімдері «Масленица» мерекесін атап өту үшін білім ордасы ауласында от жаққан.
Ақ Жайық басылымының хабарлауынша, діни мерекені сөккендер жоқ, бірақ әлеуметтік желі қолданушыларын мұндай іс-шараның мектеп ауласында өткізілуі шамдандырған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram-дағы тікелей эфир кезінде осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
- Діни сипаты бар іс-шара мектептің ауласында өткен. Бірақ қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасы ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді, - деді Жасұлан Бисембиев.
Әкім де мәселенің мәні діни мерекеде емес, ұйымдастырушылардың қызметіндегі олқылық екенін, білім ордасы ауласында алау тұтатуға болмайтынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық