Атыраулық алаяқтар зейнетақы қорынан жүздеген миллиард ақшаны қолды қылды
Фото: gov.kz
Атырауда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық топ жалған құжаттар рәсімдеп, Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және елдің басқа қалаларында орналасқандай етіп, 30-дан астам стоматологиялық клиникаларды пайдаланған. Бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде ғана болған. Олардың тіпті ғимараттары, жабдықтары, білікті қызметкерлері де болмаған. Ал жалған клиникалардың «басшылары» мен құрылтайшыларының медициналық білімі де жоқ.
Күдіктілер жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін азаматтардың алған қаражатынан 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстап отырған.
Нәтижесінде жалпы 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған. Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден астам 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) пен зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.
ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта 59 тінту жұмысы жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 15 жастағы қыз Ұлттық ұлан экс-қызметкерінен босанды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық