Атыраулық журналист Олеся Вертинская соққыға жығылды
Бір фирмаға қатысты қорқыту хабарламасын алған журналист Олеся Вертинскаяны Атырауда белгісіз ер адам соққыға жыққан.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының дерегіне қарағанда, оқиға журналистің үйінің маңында болған.
«19 шілде күні «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны өз үйінің жанында соққыға жыққан. Ол үйден шыққан кезде белгісіз жігіт келіп көмек сұраған, артынша қатты соққымен бетінен ұрған. Соққыдан соң Олеся құлаған, ал шабуылдаушы оны тепкілей бастаған. Әйелді сол маңнан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалады, ал жедел-жәрдемді Олесяның ұлы шақырған. Компьютерлік томография журналистің мұрнының қисайып, сынғанын анықтады» делінген қор хабарламасында.
Олеся Вертинская полицияға арызданған.
Шабуыл болғанға дейін бірнеше күн бұрын, 16 шілдеде Олеся бейтаныс нөмірден бір ЖШС мен оның иесіне қатысты істе «абай бол» деген хабарлама алады. Сол күні Олеся прокуратураға арызданып, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады.
Ал 13 шілдеде №1 қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері 667 ҚР ӘҚБтК (құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бабы бойынша Вертинскаяға қарсы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
— Мен прокуратураға шағым жаздым, содан кейін прокуратура бұл істі жойып жіберді. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Менің ойымша, мұның барлығы қаңтар айында мені азаптаумен және Атырауда қызмет ететін ақтаулық сарбаз Медет Амангелдімен болған жағдайды жария етуіммен байланысты, - дейді журналист.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық