Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды
Атырауда 14 жастағы қыз көпірден секіріп кетпекші болған. Бірақ оны полиция қызметкерлері құтқарып қалған.
12 желтоқсан сағат 22:20 кезінде 14 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне секіріп кеткен. Куәгерлер бірден полицейлерді көмекке шақырған.
Патрульдік полицейлер Исатай Тұрсынғалиев және Ғалым Қалбаев судың ішін қарап, батып бара жатқан қызды тапқан. Олар еш ойланбастан баланы құтқаруға тырысқан.
Ғалым көліктегі арқан жіпті алып, беліне байлап, қыздың артынан көпірден секірген. Арқанның екінші ұшын оның әріптесі Исатай ұстап, сақтандырып тұрған. 20 минут ішінде қыз құтқарылған.
Полицейлер жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп, артынша жедел жәрдемді күтпестен оны №5 емханаға алып кеткен.
«Ойланатын уақыт болмады. Құтқарамыз деп бірден суға түсуге кірістік. Су мен ойлағаннан да салқын болып шықты. Бірақ бар ойым батып бара жатқан қызды құтқару болды. Әріптесім арқанның екінші ұшын ұстап тұрды, кейін артымнан жүзіп келе жатқанын сезіп тез қимылдап жағаға үшеуміздің де аман-есен шығуымыз үшін барлығын жасадым. Уақыт санаулы болды» деді Ғалым Қалбаев.
Әзірге қыз баланың не себепті өзіне қол жұмсамақшы болғаны белгісіз. Ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық