Атыраудың экс-әкіміне сот үкімі шықты
Фото: Orda.kz
Атырау қаласының № 2 сотында Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа және бірнеше лауазымды тұлғаларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz
Бұрынғы әкім 2023 жылдың қараша айында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Кейіннен әкімді үй қамаққа жіберді. Сот үкімін тыңдауға бұрынғы әкімді қолдау үшін қоғам белсенділері, блогерлер мен қарапайым халық жиналды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, 2020-2022 жылдар аралығында шенеуніктер рекреациялық аймақтарға (жасыл желектер, парктер, жағажайлар, т.б) жататын жер учаскелерін заңсыз жолмен жекеменшік тұрғын үй құрылысына берді.
Прокурор экс-әкімге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ, сот 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын берді.
Сонымен қатар, 32 жастағы қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Наурызбек Құмаров 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, әкімдіктің заң бөлімінің басшысы Жігер Ибатуллаұлы мен қалалық сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Қабдинов та шартты түрде 6 жалға бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Әкімдік заңгері Жігер Ибатоллаұлы барлық бап бойынша кінәсіз деп танылып, әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталды. Барлық сотталғандар мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Іс екі жылдан бері жалғасып жатыр, мен әділ шешім күттім. Алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуді тоқтатты, содан кейін прокуратура оны қайта жалғастырды. Тергеу сатысында біз қатаң заң аясында әрекет еттік. Прокурор мені сот залында қамауға алып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мені қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл соңы емес – біздің құқығымызды қорғаудың басқа да жолдары бар», - деп түсіндірді Қайрат Уразбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық