Атыраудағы жекеменшік балабақшада 7 айлық сәби көз жұмды
Фото: freepik.com
Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 7 айлық сәби көз жұмды. Нәрестенің анасы баласының өліміне бөбекжай қызметкерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Гүлзия Бекболат 7 айлық ұлынан былтыр қазанда айырылып қалды. Гүлзияның айтуынша, бесікте жатқан баласының көзі айналып, денесі суи бастаған сәтте бөбекжай қызметкерлері бірден хабарласып, ұлын емханаға апарған екен. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткен. Бірақ сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған. Келіншектің айтуынша, 7 айлық баласы бұған дейін мүлде сырқаттанбаған.
«Балам балабақшада бесікте жатып қайтты. Сағат 16:00 шамасында бөлеген, бір сағаттан соң қараса, баламның көзі айналып, денесі салқындап кеткен. Реаниматологтың айтуы бойынша баланы бесіктен шешкен соңғы демін алып, жүріп кеткен. Балам жіпке қысылып қалуы мүмкін. Экспертиза пневмония деп берді. Келіспеймін. Әркім өз жазасын алсын. Іс сотқа жеткенін қалаймын. Істі қысқартып тастады», – деді сәбидің анасы.
Әділдік іздеген ана балабақшаның жабылғанын қалайды. Ол балабақшаның заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Бөбекжай өкілдері жекеменшік үйде баланы бағуға келіскендерін мойындады. Әрі лицензиясыз жұмыс істегендерін де растады. Ал облыстағы жауапты басқарма мекеме туралы білмеген. Бірақ балабақшадағылар сәбидің әу баста ауру болғанын айтты.
Айта кетейік, кеше, 4 маусым күні Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болған топ құрықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық