Атыраудағы жасөспірімнің жұмбақ өлімі: Баламды суға итеріп жіберді
Атырау тұрғыны Анаргүл Қасантаева бірнеше айдан бері ұлының өліміне кінәлілердің жазалануын талап етіп келеді. Әйел бұл іске қатысты тергеудің баяу жүріп жатқанын алға тартып, баласының кісі қолынан қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 21 тамыз күні Ақжар ауылында болды - жетінші сынып оқушысы Мерлан оғаш жағдайда суға батып кетті. Достары анасына жасөспірімді жоғары сынып оқушысы суға итеріп жібергенін айтты. Мерлан отбасындағы кенже бала.
Анаргүлдің айтуынша, тергеу барысында тергеушілер бірнеше рет ауысқан, бұл оның пікірінше, процестің объективті болуына кедергі келтіреді.
«Менің ұлым енді жоқ. Мен тірегімді көмдім. Мен өзім сол жігіттерден бәрін білуге тырыстым. Мен сұрағанда олар алдымен Монидің суға батып кеткенін айтты, содан кейін олар айғақтарында абдырап, жай ғана үйлеріне кеткендерін айтты. Өзен жағасынан мен ұлымның киімін таптым. Бір досының егіз інісі Жанұзақ есімді жасөспірім оны суға итеріп жібергенін айтты. Балам көмекке шақырған, бірақ оны ешкім құтқармаған», - дейді әйел.
Жасөспірімнің анасы оны жоғары сынып оқушылары әдейі суға итеріп жібергеніне сенімді. Оның айтуынша, олар баланың жүзе алмайтынын және көру қабілетінің нашар екенін білген.
Отбасылық заңгер Мақсат Төленбаев Анаргүл Қасантаеваның пікірімен келіседі.
«Баланы итеріп жіберген адам оның суға батып кетуі мүмкін екенін біле тұра істеді. Оның әрекеті, менің ойымша, қылмыстық кодексінің 99-бабына, яғни жанама қасақана кісі өлтіруге жатады. Прокуратура мен тергеу органдары бұл жағын назардан тыс қалдырды. Куәгерлердің айтуынша, жағада тұрған Мерланды суға итеріп жіберген. Оны белінен ұстап, итеріп жіберді деп айтқан балалар бар», - дейді заңгер
Төленбаев қайғылы жағдайға қорқыту себеп болуы мүмкін деп есептейді, ол мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларынан жауап алуды талап етеді. Полиция тергеудің әлі аяқталмағанын және егжей-тегжейлердің жарияланбағанын айтады. Іс бойынша күдіктілердің бар-жоғы белгісіз.
«ҚР Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.
Қайтыс болған жасөспірімнің анасы шарасыздықтан қазан айында Атырауда жолды жауып тастады.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады