Атырауда зорлап күйеуге берген 15 жасар мектеп оқушысына қатысты іс қозғалды
Фото: Pexels
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Қазіргі уақытта қыздың жүктілігі төрт айға жеткен, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қыздың айтуынша, оны 20 жастағы ер адам зорлап, содан кейін жәбірленуші полицияға арызданған. Алайда, зорлаушының туыстарының өтінішімен жәбірленушінің анасы арызын қайтарып алып, қызын сол адамға күйеуге берген.
«Жүктілік бойынша есепке тұрғым келгенде, дәрігерлер полиция шақырды. Тергеу басталды, бірақ енем тергеушіге пара берді»,
— деді мектеп оқушысы.
Қыздың айтуынша, оны ұрып-соғып, ата-анасының үйіне қайтарып жіберген. Қазір ол жігіттің жазаланғанын қалайды.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Тергеудің бастапқы кезеңінде жәбірленуші тарап сот-медициналық және психиатриялық сараптамалардан бас тартты бұл қылмысты толық тергеуге қажетті кешенді тергеу шараларын жүргізуге кедергі келтірді. Әлеуметтік желіге тараған ақпараттар тексеріліп, қайта тергеу жүргізілгелі жатыр», деп хабарлады полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық