Атырауда ұшты-күйлі жоғалып кеткен тұтастай бір отбасы туралы жаңа мәлімет шықты
Фото: Атырау облысының Полиция департаменті
Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалған отбасы жайлы жаңа мәлімет шықты. Әлеуметтік желіде отбасы мүшелерінің SIM-карталарының геолокациясы Өзбекстанда екені анықталып, Бали аралында банк картасының қолданылуы мүмкін екені айтылып жатыр, деп хабардайды Orda.kz.
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан жоғалған тұтастай бір отбасының ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл мәліметтер әлеуметтік желіде кеңінен таралып, жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып жатыр.
Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі өзін Атыраудан шыққан IT-маман ретінде таныстырып, жоғалған отбасының ұлы Наурыздың SIM-карталары әлі де пайдаланылып жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, байланыс нөмірлерінің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркелген, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде күніне бірнеше рет белсенділік байқалыпты.
Отбасының туыстары да жоғалғаннан кейін белгісіз біреулер қараша және желтоқсан айларына тиесілі зейнетақы төлемдерін шешіп алғанын хабарлады. Сонымен қатар, үйдегі мал басы WhatsApp арқылы сатылған екен. Айтуларынша, хат-хабарлар осы отбасының ұлының атынан жазылыпты.
Жарияланым авторы ресми дерекқорларда Қазақстан шекарасын кесіп өту фактілері тіркелмегенін алға тартады. Алайда ол Түркістан облысы арқылы Өзбекстанға бейресми жолдармен өтуі мүмкін деген болжам айтады. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде отбасының күйеу баласы жоғалған әйелдің банк картасын Қазақстаннан тыс жерде, соның ішінде Бали аралында пайдалануы мүмкін деген мәлімет тарады. Бұл деректер де әзірге ресми органдар тарапынан расталмаған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қазан айынан бері Атырау облысы Жангелдин ауылының тұрғындары — Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Насип Үтешқалиева және олардың балалары Мирагүл мен Наурызбен ешқандай байланыс жоқ. Туыстарының айтуынша, отбасы кенеттен жоғалып кеткен және басқа жаққа көшу жоспары туралы ешкімге айтпаған екен.
Атырау облысының полиция департаменті аталған төрт адамды ресми түрде іздеуге жариялады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу және жедел-іздестіру шаралары Қазақстан аумағында ғана емес, шетелде де жүргізіліп жатыр.
«Іздеу жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», деп қысқа қайырды полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық