Атырауда тергеу изоляторында аузын тіккен сотталушы тамырын кесіп тастады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Атырау тергеу изоляторында сотталған азамат аузын тігіп, тамырын кесіп тастады. Оқиға 7 мамырда УГ-157/9 тергеу изоляторында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, изолятор ғимаратынан айқайлаған дауыстар естіліп, кейін камера терезесінен қанға малынған шүберектер лақтырылыпты.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қарасақ, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотталған 24 жастағы азамат өз-өзіне жарақат салып, қолының тамырларын кесіп, аузын тігіп тастаған. Ол осылайша Қарағандыдағы қатаң режимдегі түзеу мекемесіне этаппен жіберілуге қарсылық білдірген.
Ал сотталған азаматтың анасы ұлының жазасын үйге жақынырақ жерде өткізуін сұрап отырғанын, тым болмаса, Орал қаласында қалдыруды сұрайтынын айтқан.
Жаңалықтар
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді