Атырауда «Таблиғи жамағаттың» уағызшысы құрықталды
Фото: Бейнеден кадр
Атырау қаласында «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының уағызшысы ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz мәліметінше, «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеологиясы мен идеяларын таратты деген күдікпен ер адам ұсталды. Үндістан мен Пәкістаннан шыққан бұл экстремистік ұйымның бағыты идеологиясы азаматтық құқықтар мен міндеттерден, яғни ата-анаға қамқорлық, балаға тәрбие мен білім беру тіпті тұрақты жұмыс істеу сияқты құқықтар мен адамның қарапайым қалауынан бас тарту арқылы үздіксіз миссионерлік қызметке негізделген.
Айта кетейік, ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, моральдық әрі дәстүрлі құндылықтарға қауіп ретінде сот арқылы тыйым салынған. Жедел-іздестіру нәтижесінде ұсталған азаматтың мешіттерде діндар жастармен әдейі танысып, артынан оларды үйіне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттағаны анықталды.
44 жастағы күдіктінің үйін тінту барысында діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. Сонымен қатар, ол бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Экстремизмді жүзеге асыруға қатысты сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметін тарату белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық