Атырауда үстіне сорпа құйылған 9 жасар бала күйіктен қайтыс болды
Бала сорпа құйылған қазанды қағып кетіп, қатты күйіп қалған. Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері оның өмірі үшін арпалысып күрескенімен, баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Облыстық балалар ауруханасы өкілдерінің айтуынша, бала мекемеге 9 маусымда түскен, ол жансақтау бөліміне жатқызылған. 14 маусымда бала қайтыс болды.
— Күйік аумағы 50-55 пайыз болды. Баланың жағдайы өте ауыр. Біз Нұр-Сұлтандағы мамандармен үнемі байланыста болдық, қажетті ем жүргіздік. Дегенмен баланы аман алып қалу мүмкін болмады, - дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей. Хван.
Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ауыр науқастарды күйік орталығы бар Нұр-Сұлтанға жібере алмайтындығына алаңдап отыр.
— Елордадағы аурухана қалалық аурухана мәртебесіне ие болғанымен, оларда барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған тұтас бір бөлім бар.Біздің дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда, бірақ біздің бөлімде қажеттінің бәрі жоқ. Бәрі науқастың жағдайының ауырлығына байланысты. Нұр-Сұлтандағы күйік орталығында жағдай жақсырақ. Жағдайы ауыр науқастарға сол жерде көмек көрсетуге болады. Біз емделушілерді сол жаққа жіберу үшін олардың дәрігерлерімен келіссөз жүргіздік, бірақ нәтиже болмады. Өйткені олардың аурухана мәртебесі аймақтардан науқастарды қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселе барлық өңірде бар, сондықтан оны министрлік деңгейінде шешу керек, - дейді Сергей Хван.
Сондай-ақ дәрігерлер өткен жылмен салыстырғанда балалар арасында күйік жарақатының 1,5 есеге артқанын атап өтті. Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасына түрлі күйік шалған 200-ге жуық бала келген.
Амиржан Мухмаммед
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық