Атырауда он үш жастағы қызды төрт ит талап тастады

cover

13 желтоқсан күні сағат 19:50-де облыстық балалар ауруханасына ауыр халде 2008 жылы туған қыз түсті.

Дәрігерлер 13 жастағы науқасқа сол жақ жауырын аймағында кең көлемдегі жара, бетінде, параорбитальды аймақта тіс іздері бар жара диагнозын қойды.

– Науқастың екі иығында, білегінде, қолында, екі жамбасында және аяғының төменгі бөлігінде тістелген сызаттар бар. Бүгінде оның жағдайы ауыр, қыз жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ATPress.kz биылғы жылдың 11 айында облыстық балалар ауруханасына жануарлар тістеген 380 бала жүгінгенін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар